Алматы • 17 Мамыр, 2024

Алматыда Ермек Серкебаев көшесі бар

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы жүзден аса көше бұрынғы тарихи немесе жаңа атауларға ие болғанымен, әлі күнге дейін аты жоқ көшелер де бар. Шаһарда көшелердің атын өзгерту, яки елге еңбегі сіңген тұлғалардың есімін беру мәселесі қашанда өзекті.

Алматыда Ермек Серкебаев көшесі бар

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Кейде тіпті талас тудырып жататын­дықтан, бұған дейін де қалада 180 көшенің аты жоқ екен­дігін, керісінше 51 көшенің атаулары қай­таланатыны, кей көшелердің атауы мемлекеттік саясатқа сай келмейтіні, оғаш атаулар туралы мәселе көтеріп, арнайы мақала жаз­ған кездеріміз де болды. Бұл мәселе қалалық мәс­ли­хат жиындарында да талқыланып жатады.

Ендігі жерде Алматыда бірнеше көшеге белгілі тұлғалардың есімдерін беру жоспарланып жатқан жайы бар. Себе­бі тұрғындардан қала көшелеріне Қазақ­станның белгілі өнер қайраткерлері: әнші Ермек Серкебаев, композитор Ескендір Хасанғалиев, актерлер Юрий Померанцев пен Владимир Толоконниковтің есімін беру туралы өтініштер келіп түскен.

Қалалық мәслихаттың шешімімен Бос­тан­дық ауданы Ю.Гагарин даңғы­лының К.Тимирязев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігіне Ермек Серкебаев даңғылы, Әуезов ауданы Юбилейная көшесіне Владимир Толоконников атын беру жоспарланып отыр. Ескендір Хасанғалиевтің есімі Түрксіб ауданының «Жас қанат» шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге беріледі, ал Юрий Померанцевтің есімімен қаланың Бостандық ауданындағы атауы жоқ көше аталады.

 

АЛМАТЫ