14 Қаңтар, 2015

Қоғамдық қабылдаудың жаңа жетекшісі

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдауының жетекшісі болып Абылайхан Оспанов тағайындалды. Абылайхан Оспанов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін «Ақпараттандыру» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006-2010 жылдары оңтайландыру және басқару жобасы бойынша бөлімдердегі коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді. 2010-2014 жылдары Ішкі істер министрлігінде аға инженер, Байланыс және ақпарат министрлігінің ақпараттық технологиялар саласы Мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары, Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметті автоматтандыру және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру бойынша бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Электрондық қызмет және байланыс пен ақпарат бойынша агенттіктің ХҚО дамыту департаментінің директоры қызметтерін атқарды. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Инвестиция және даму министрлігінің Байла­ныс, ақпараттандыру және ақпарат бойынша комитетінің мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру басқармасының жетекшісі қызметінде болды. «Егемен-ақпарат».