Спорт • 20 Мамыр, 2024

Grand Prix: Қазақстан пара дзюдо құрамасы 6 медаль еншіледі

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамырдың 18-19 күндері Тбилиси (Грузия) қаласында пара дзюдодан дәстүрлі Grand Prix додасы өтіп, оған 40-қа жуық елден 150-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 2 қола, барлығы 6 медальмен жалпыкомандалық есепте 2-орын алды, деп жазады Egemen.kz Пара дзюдо федерациясы мәліметіне сілтеме жасап.

Grand Prix: Қазақстан пара дзюдо құрамасы 6 медаль еншіледі

Фото: kaz_para_judo

Алтыннан алқа таққандар:

Даяна Федосова (J2) -57 кг

Айдана Ғаниқызы (J2) +70 кг

 

Күміс жүлдегерлер:

Ерлан Конкиев (J2) +90 кг

Зарина Раифова (J2) +70 кг

 

Қола медальге қол жеткізгендер:

Жұқамұрза Шүкірбеков (J2) +90 кг

Бауыржан Арыстанбеков (J1) -90 кг