Білім • 21 Мамыр, 2024

Тасқыннан зардап шеккен облыстарда оқушылар емтиханнан босатылады

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқынына байланысты Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 3581 оқушы аралық және қорытынды емтихандардан босатылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тасқыннан зардап шеккен облыстарда оқушылар емтиханнан босатылады

Фото: Үкімет

«Оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтағалы отыр, оның ішінде бастауыш сыныптарда 374 мың бала, негізгі мектептерде 341 мың оқушы және 186 мың түлек бар. 7 704 оқушы «Алтын белгіге» үміткер. Биыл 5-8, 10 сыныптарда алғаш рет қазақ тіліне қатысты аралық емтихандар өткізіледі», деді Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, су тасқынына байланысты Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 3581 оқушы аралық және қорытынды емтихандардан босатылады. Қорытынды баға жылдық белгілер негізінде қойылады.

«ТЖ аясында қашықтан оқытылған 2 622 мектептің 832 мың оқушысы үшін 27-31 мамыр аралығында жазғы мектептің жұмысы ұйымдастырылады. 9 және 11 сынып түлектерінің қорытынды емтихандары 29 мамырдан 11 маусымға дейін өткізіледі. Аттестаттарды тапсыру салтанатты рәсімі 12-15 маусымға белгіленді», деді Оқу-ағарту министрі.