фото: pixabay
Үкімет отырысында министр атап өткендей, елімізде 2,9 миллион бала жазғы демалысын 10 743 демалыс орнында өткізеді.
«Оның ішінде 10 мың бала жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру орталықтарында, 240 мың бала қала маңындағы орталықтарда, 2,6 миллион бала мектеп орталықтарында, 75 мың бала киіз үй лагерінде демалады», деді Ғани Бейсембаев.
182 демалыс орнының 150-і маусымның 1-і мен 10-ы аралығында жұмыс істейді. Қалған 32 демалыс орны 15 маусымда жұмысын бастайды.