Фото: pexels
«Биылғы 18 маусымнан бастап «Salam Air» Оман әуекомпаниясы Алматы – Маскат бағыты бойынша әуе қатынасын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Рейстер сыйымдылығы 180-230 орындық «Эйрбас-А320/А321» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады», делінген хабарламада.
Әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.