Байқау • 22 Мамыр, 2024

Жастарды жігерлендірген жарыс

27 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде «Aqyl Battle CUP-2024» дәстүрлі республикалық зияткерлік сайысы басталды. Білім мен бірлік арқылы мемлекеттік тілді насихаттауға арналған сайыстың алғашқы кезеңі 21-23 мамыр аралығында өтеді. Игі істі Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы ­болуымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының «Тіл тағдыры – ел тағдыры» ­жобасы аясында «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігі ұйымдастырды.

Жастарды жігерлендірген жарыс

Сайыстың І кезеңі «Aqyl Battle» мобильді қосымшасында өтеді. Бү­гінде бұл мобильді қо­сымша жас­өспірімдер мен жас­тар арасын­да қазақ тілінде оқу бағдарлама­сын меңгеру құралына айналып үлгерді. Онда азаматтардың ойлау өрісін кеңейту мақсатында қазақтың салт-дәстүрі мен әдебиеті, тарихы насихатталады. Оған қоса жас буынның бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған.

– «Aqyl Battle CUP-2024» – Қа­зақ­станның мәдениеті мен тілі­не тереңірек үңілудің жаңа сти­лі. Мұндай зияткерлік ойындар ру­хани құндылықтар мен патрио­тизмнің қалыптасуына ықпал етеді. Жобаға қатысу­шылар тек жеңіс үшін ғана емес, жаңа білім үшін де са­йысқа түседі. «Aqyl Battle» мо­бильді қосымшасында 35-тен астам санат бойынша 12 мың­нан астам сұрақ бар. 14-35 жас аралығындағы жастарға арнал­ған зияткерлік командалық ойын­ның алғашқы іріктеуі осы мобильді қосымшада онлайн өте­ді. Келесі кезеңге, әр аймақтан тиісті ұпай жинаған 30 қатысушы (жалпы 600 жас) жолдама алады. Екінші кезең төтенше жағдай болған аймақтарда онлайн, ал басқа аймақтарда офлайн quiz форматында ұйымдастырылып, республика бойынша жеңім­паз 20 команда Гранд-финалға ­жолдама алады, – деді «Бола­шақ Қазақстанға» ҚҚ төрағасы ­Бибі­нұр Шербаева.

Жобаның шешуі кезеңі елордада ұйымдастырылмақшы. Са­йыс барысында жобаның та­ны­малдылығын арттыру мақса­тын­да командалар арасында «Креа­тивті команда» сайысы да қосылады. Жалпы, жүлде қоры 3 600 000 теңгені құрайды.