Қазақстан • 22 Мамыр, 2024

Алматыда Қазақстан мен Үндістан Жоғарғы сотының төрағалары кездесті

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Үндістан Жоғарғы Соттарының төрағалары Асламбек Мерғалиев пен Дхананджайя Чандрачуд Алматыда өткен кездесу барысында өзара іс-қимылдың алдағы уақыттағы аспектілерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда Қазақстан мен Үндістан Жоғарғы сотының төрағалары кездесті

Кездесуге ҚР Сот әкімшілігінің басшысы, Халықаралық Сот әкімшілігі қауымдастығының Орталық Азия және Үндістан өңірі бойынша вице-президенті Наиль Ахметзакиров және Алматы қалалық сотының төрағасы, ТМД Экономикалық сотының судьясы Асқар Смайылов қатысты.

Қонаққа сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Сонымен қатар азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды қараудың жаңа ережелерін белгілеген әкімшілік әділеттің тиімділігі, апелляцияның рөлін күшейту, соттың тәуелсіздігін нығайту мәселелері талқыланды.

Асламбек Мерғалиев ауданаралық соттарды құру, отбасылық, алқабилер сотының аясын кеңейту мақсаты және цифрландырудың қарқынды дамуы процесті жеңілдетенін алға тартты.

Өз кезегінде, Чандрачуд мырза сот менеджментінде қазақ елінің тәжірибелік ерекшеліктеріне, соның ішінде, ШЫҰ-ға мүше елдердің жоғарғы соттары төрағаларының алдағы уақытта Ташкентте өтетін кеңесінде осы мәселелердің талқыланатынына қызығушылық танытты.

Алматы қалалық сотында болып, ондағы ІТ-қызметтердің жұмысымен танысқан Үндістан Жоғарғы Сотының Төрағасы заманауи технологияларды енгізудің мұндай жоғары деңгейін күтпегенін атап өтіп, сот корпусына заң үстемдігінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуді тіледі.

Кездесу соңында тараптар сындарлы диалогты жалғастыру қажеттігі туралы өзара пікір алмасты.

зз

жж