Фото: Облыстың ТЖ жөніндегі жедел штабы
Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы хабарлағандай, «Соколок» каналы Атырау қаласына бағытталған мол су нөпірін Жайық өзені арқылы реттеудің негізгі элементтерінің бірі болып саналады. Осыған байланысты, канал бойындағы алғашқы қорғаныс нысанына қосымша, қаланы тасқын судан қорғауға арналған екінші қорғаныс нысаны салынған. Екінші қорғаныс бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету мақсатында, қосымша нығайту жұмыстары жүргізілді.
Хабарламада: «Бөгеттің биіктігі Балтық биіктік жүйесінің деңгейіне сәйкес ұлғайтылды. Аталған учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып отыр. Қазіргі уақытта жағдайдың өзгеруіне байланысты қажетті шешімдер алу үшін қосымша техникалар жіберілді», делінген.