Қоғам • 24 Мамыр, 2024

Қазақстанда ең үлкен зейнетақы мөлшері қандай?

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-да алушы салымшылардың жеке және шартты шоттарында шамамен 19 трлн теңге жиналды. Бір жыл ішінде зейнетақы жинақтары 3,3 трлн теңгеден астамға немесе 21,1%-ға өсті. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Қазақстанда ең үлкен зейнетақы мөлшері қандай?

фото: opennews.kz

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін кесте бойынша орташа айлық төлем мөлшері 33 858 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары мөлшері 945 752 теңгені құрағанын айта кетейік.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін кесте бойынша орташа айлық төлем мөлшері 32 090 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары мөлшері 742 692 теңгені құраған еді.