Ауа райы • 26 Мамыр, 2024

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 26 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Фото: aikyn.kz

Синоптиктердің мәліметінше, циклон және онымен байланысты суық атмосфералық ағындар еліміздің басым бөлігінде ауа райына ықпал етеді. Бүгін еліміздің көп жерінде түнде жауын–шашын болады, солтүстікте, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, күндіз елдің орталығында қатты жаңбыр, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстігінде бұршақ жауады деп күтілуде.

Тек еліміздің батысында және Қызылорда облысында күн жауын-шашынсыз, ашық болады. Республика бойынша екпінді жел соғып, найзағай ойнайды, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстікте түнде тұман түседі.

Түнде Ақмола облысының батысында, Қарағанды, Ұлытау облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысында, Түркістан облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде, таулы аудандарында 1-2 градус үсік жүреді.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, орталығында, Абай облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі бар.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50