Аймақтар • 27 Мамыр, 2024

Қостанай облысында қойма өртенді

37 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайлық өрт сөндірушілер ірі өртті сөндірді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысында қойма өртенді

Фото: Видеодан кадр

Қостанай облысының Қамысты ауылында қойма өртенді. Қойма ішінде есептен шығарылған техника болған.

Өрт 300 шаршы метр аумақты шарпыды. Құтқарушылар өртті дер кезінде сөндіріп үлгерген. Қаза тапқандар жоқ.

Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.