Тағайындау • 27 Мамыр, 2024

Мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет қаулысымен Айзада Амангелдіқызы Құрманова Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Айзада Амангелдіқызы 1970 жылы Павлодар облысына қарасты Железин ауданының Абай ауылында дүниеге келген. 

1992 жылы Павлодар педагогикалық институтын, 2015 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің магистратурасын «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы Май ауданындағы Ақшиман орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастаған. Алты жыл директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, содан кейін сол мектептің директоры болды. 

1998-2002 жылдары Екібастұз қаласындағы №10 орта мектепте мұғалім және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етті.

2002 жылы мемлекеттік қызметке ауысты. Екібастұз қаласы ішкі саясат бөлімінің бастығы, аталған қала әкімінің орынбасары және Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.

2011 жылдан 2014 жылға дейін Лебяжі ауданының әкімі болды. 

2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін – «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016 жылғы наурыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды.

2020 жылдың шілдесінен Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.