Заң • 27 Мамыр, 2024

Заңгерлер астаналықтарға тегін кеңес береді

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 мамыр күні «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы аясында елорда тұрғындары заңгерлерден тегін кеңес ала алады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz 

Заңгерлер астаналықтарға тегін кеңес береді

Фото: urpalata-ymitkrg.kz

Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беруге бағытталған. Оған адвокаттар, нотариустар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полицейлер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, әділет, салық органдарының, жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасының қызметкерлері қатысады.

Айта кетейік, «Халық заңгері» акциясы бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысқан. Акция шеңберінде 165 000-нан астам азамат құқықтық кеңес алған. 

Тұрғындарға құқықтық кеңес беруді көздейтін шара 30 мамыр күні сағат 17:00-де, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайында орналасқан Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтеді.