Оқиға • 27 Мамыр, 2024

Қазақстан Тәжікстанмен валюталық келісімді бұзды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ұлттық банкі еліміздің Тәжікстанмен ұзақ мерзімді валюталық келісімді неге бұзғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Тәжікстанмен валюталық келісімді бұзды

Фото: depositphotos.com

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы валюталық келісім 1999 жылдың 16 желтоқсанынан бері жалғасып келеді. 25 жылдан кейін келісім тоқтатылды. Ұлттық банктің хабарлауынша, құжат өзектілігін жоғалтып, соның ішінде Тәжікстандағы ұлттық валютаның бірнеше жылдар бойы өзгеруіне байланысты екені белгілі болды.

«Мемлекеттерде тиісті нормативтік-құқықтық базаның құрылуына байланысты бүгінгі күні халықаралық шарттың ережелері, оның ішінде шарттың өзінде көзделген Тәжікстанның ақша бірлігінің атауы – тәжік рублі өзектілігін жоғалтты», делінген баспасөз хабарламасында.

Келісім бойынша тараптардың барлық міндеттемелері орындалды, айырбастау және айырбас бағамын тұрақтандыру мәселелері «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңмен реттеледі.

Еске сала кетейік, 2000 жылдан бастап Тәжікстанда тәжік рублінің орнына жаңа валюта – сомони енгізілді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті