Экономика • 27 Мамыр, 2024

Қазақстан арқылы өтетін транзит көлемі 11 млн тоннаға жақындады

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Көлік министрлігі Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтетін жүктердің транзитіне қатысты статистиканы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан арқылы өтетін транзит көлемі 11 млн тоннаға жақындады

Фото: pixabay.com

«2024 жылдың 4 айында жалпы транзит көлемі 10,7 млн тоннаны құрап, былтырмен салыстырғанда 1 пайызға өсті (10,6 млн тонна). Оның ішінде автомобиль көлігімен тасымалданған транзиттік жүктер көлемі 1,5 млн тоннаны құрап, былтырға қарағанда 50 пайыздық өсімді көрсетті (1 млн тонна)», деді министрлік өкілдері.

Сонымен қатар контейнерлік тасымалдар 433,2 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) құрап,  өткен жылмен салыстырғанда (422,7 мың ТЭУ) 2%-ға өсті.

«Оның ішінде Қытай/Азия — Еуропа — Қытай/Азия бағытында 333,9 мың жиырма футтық эквивалентке жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 11 пайызға артты (301,6 мың ЖФЭ)», деп қосты министрліктен.