Фото:depositphotos.com
Астана қаласының Көлік және жол көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қабанбай батыр даңғылының Қонаев көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі бөлігіндегі жұмыстар тоқтатылды.
«28 мамырдан 30 мамырға дейін жолдың жоғарғы қабатын төсеу үшін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатынын хабарлаймыз, бұл ретте Қабанбай батыр/Қонаев және Қабанбай батыр/Сығанақ қиылысы ашылады», делінген хабарламада.
Бұл ретте ведомство елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс туындамас үшін өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті