Таным • 27 Мамыр, 2024

Ұялу мен қызару

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Адам ұялса, қызарады дейміз. Ал Францияның ауыл шаруашылығы, азық-түлік және қоршаған орта ұлттық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары үй тауықтары ашудан, қуаныштан және басқа да эмоциялардан қызарып кететінін анықтады.

Ұялу мен қызару

Аталған зерттеу «Applied Animal Behavior Science» ғылыми журналында жа­рияланды. Ғалымдар суссекс тұ­қы­мын таңдап алған. Құстар Луара аңғарындағы фермада үш апта бойы бақылауда болған.

Зерттеушілер эксперимент ке­зінде түсірілген тауықтардың 18 мың фотосуретін таңдады. Терінің қы­зару деңгейін талдау үшін материалдарды бағдарламаға жүктеген.

Нәтижесінде, тауықтар дәмді тағам бергенде аздап қызаратынын, ал жағымсыз оқиғалар туындаса (мы­салы, тауықты қусаң), бет терісі қызыл түске боялатыны анықталған.

Ғалымдардың пікірінше, тауық­тардың қызаруы туралы ақпарат олар­­дың эмоционалдық күйін жақсы түсінуге, жағдайын бағалауға да мүм­кіндік береді.