Аңдатпа • 28 Мамыр, 2024

Аңдатпа: Оян, қазақ

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 мамыр - Ж.Аймауытов атын­­дағы Павлодар об­лыс­тық қазақ музыка-драма теат­рында Е.Тө­леу­байдың «Оян, қазақ... Ойлан, қа­зақ» драмасы қойылады. Ре­жиссері – Ж.Хаджиев.

Аңдатпа: Оян, қазақ

Фото: qaz365.kz

31 мамыр -  «Гауһартас» – Семейде

Музыкалық жас кө­рермен театрының Семей қаласына гас­троль­­дік сапары аясында Абай атындағы театр­да Д.Исабековтің «Гауһартас» музыкалық дра­масы сахналанады. Ре­жиссері – А.Мае­миров.

 

1 маусым - Шабыт шалқымасы

Қалеки сахнасында «Шабыт» атты Ха­лық аспаптар ан­самблі­нің концерті өте­ді. Дирижері – М.Мыр­зақұлова.

 

1 маусым - Қалыңдық

Ғ.Мүсірепов атын­дағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жас­өспірімдер теа­трында Ф.Г.Лорканың «Оян, қалыңдық» драмасы ұсы­нылады. Режиссері – Д.Жұмабай. Аударған – Н.Сауданбекұлы.