15 Қаңтар, 2015

Ақпараттар ағыны

224 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
*Өткен жылы Қазақ­стан­да ішкі жалпы өнім 4,3 пайызға өскен. Ал негізгі капиталға бағытталған инвес­ти­циялар 6 трлн. 574 млрд. теңгені құрап, 3,9 пайызға артқан. *Биыл «Байқоңыр» ғарыш кешенінің 60 жыл­дығы атап өтіледі. Осы­ған орай мерейтойды ұйым­дас­тыру және мерекелеу жөнін­дегі ұйымдастыру комитеті құрылды. *Батыс Қазақстанда 2014 жылы «Жұмыспен қам­тудың жол картасы-2020» бағ­дарламасы бойын­ша 996 млн. теңге бөлі­ніп, оның барлығы игеріл­ді. Жал­пы, 2013-2014 жыл­дары мем­лекеттік бағдар­ла­ма­лардың аясында өңірде 1510 жаңа жұмыс орны ашылған. *Астанада «BASTAU» бизнес мектебі» атты оқыту жобасы қызмет көрсетеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ашқан бұл мектеп жұмыссыз жүрген жастарды, жас кәсіп­керлерді қолдауға және бейім­деуге арналған. *Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында 2015 жылдың ақпанында мұз­дағы мотожарыстан әлем чемпионатыкезеңдерінің бірі өтеді. 20-дан астам спорт телеарнасынан таратылатын дүбірлі доданы әлемнің 200 миллионнан астам көрермені тамашалайды деп күтілуде. *Оңтүстікқазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан олжалы оралды. Болгария астанасы София қаласында математикадан өткен білім сайысына елімізден 21 оқушы барып, олардың 16-сы жүлделі орын­дарға ие болған. Оның ішінде оңтүстікқазақстандық 19 оқу­шы­ның 3-еуі алтын, 4-еуі күміс, 7-еуі қола медальға қол жет­кізсе, 5 оқушы арнайы сертификатпен марапатталыпты. *Павлодар облысының барлық деңгейдегі әкім­дері мемлекеттік бағдар­ла­ма­лардың іске асырылуы туралы есеп беруде. Олар халыққа 2014 жылдың әлеу­мет­тік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде баяндайды. Кездесулер барысында өңір тұрғындарының әлеуметтік мәселелері назарға алынады. *Жамбыл облысында алғашқы жекеменшік метеостанса ашылды. Оны М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Физика» кафедрасының қызметкерлері, студенттері мен оқытушылары іске қосты. *Петропавл қаласында 2014 жылы 45 көпқабатты үй жөндеуден өтті. Тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шылықты жаңғырту аясында іске асы­рылған бұл жұмыстарға рес­публикалық бюджеттен 777,1 млн. теңге бөлінген. Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.