15 Қаңтар, 2015

Отандық медицинаға жағдай жасалғанына ризашылық

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Астана қаласының тұрғыны Жәнібек Оспановтан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Автор хатында 2012 жылы там­ызда Ұлттық ғылыми кардиохи­рургия орталығында өзіне до­нор­лық жүрек орнату операциясы жасалғанын айтады. «Міне, екі жылдан бері донор­лық жүрекпен өмір сүріп келемін. Бала тәрбиелеп, ел қатарлы өмір сүру­демін. Жүрек ауыстыру туралы бес жыл бұрын армандай да алма­ған едім. Денсаулық сақтау сала­сын дамытуға Сіздің тікелей араласуыңыздың арқасында біз қазір жоғары технологиялық меди­циналық көмек алу мүм­кін­ді­гіне иеміз, бұрын олар тек шетел­дерде және көп ақшаға жасалатын», – де­лінген хатта. Ж.Оспанов отандық медицинаны дамыту үшін жағдай жасал­ғанына ризашылығын білдіріп, соның арқасында өмір сүруге екін­ші мүмкіндік алғанын айтады. Соңында автор жеке өзінің және отбасының атынан Мемлекет бас­шысына мықты денсаулық пен бақыт, ал барша Қазақстан хал­қы­на бақ-береке мен игілік тілеген.