Қоғам • 28 Мамыр, 2024

Екібастұзда заңсыз балық аулағандар ұсталды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірде мамыр айының соңына дейін уылдырық шашуға байланысты балық аулауға тыйым салынған, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Екібастұзда заңсыз балық аулағандар ұсталды

фото: pavlodarnews.kz

Облыстық полиция қызметкерлері Стела – Екібастұз автожолында ВАЗ-21214 маркалы автокөлікті тоқтатып, жүк салғышындағы жалпы салмағы 120 келі болатын балықты тәркілеген. Сондай-ақ тағы бір жүргізуші УАЗ-3163 маркалы автокөлігінің жүк салу бөлігінде тиісті құжаттарсыз бір қап балық пен бес балық аулау торын тасымалдаған. 

«Балық аулау ережелерін, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін екі адам да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Заңсыз балық аулау нәтижесінде келтірілген залал есептеліп жатыр», деді Екібастұз қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуір-30 мамыр аралығында «Уылдырық шашу - 2024» іс-шарасы өткізіледі. Аталған кезеңде Екібастұз полицейлері балық аулау ережелерін бұзуға қатысты 13 фактінің жолын кесті, барлық құқық бұзушылар жазаланды.