АТЫРАУ. 15 қаңтар. Атырау облысындағы отандық ірі кәсіпорынның көшбасшысы –«ЕмбіМұнайГаз» акционерлік қоғамының бас директоры ауысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің шешімімен Құрманғазы Есқазиев «ЕмбіМұнайГаз» бас директорлығына тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев таныстырды. Ал, бұған дейін бас директор қызметін атқарған Махамбет Досмұхамбетовтың өкілеттігі басқа жұмысқа ауысуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды.
«Махамбет Досмұхамбетов қызмет еткен уақыт аралығында біздің еншілес компаниямыз «ЕмбіМұнайГазда» мұнай өндіру жоспары орындалып отырды, ілеспе газды залалсыздандыру бойынша бірнеше қондырғы орнатылды, 2014 жылы «Ембімұнайгаздың» ұжымдық шарты «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының сыйлығына ие болды, – деп атап өтті Сауат Мыңбаев. – Құрманғазы Есқазиев – өндірісте тәжірибесі мол білікті басшы. Оның алдында мұнай өндірісі жоспарын орындау, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, экологиялық талаптарды бұлжытпай орындау, инновациялық технологияларды енгізу және еңбек ұжымында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты маңызды міндеттер тұр».
Құрманғазы Есқазиев 1965 жылдың 11 мамырында туған. 1993 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Мұнай факультетін бітірген. 2006 жылы Томск политехникалық университетін геология-минералогия ғылымдарының кандидаты квалификациясын алумен бітіріп шыққан. Еңбек жолын 1985 жылы «Эмбанефть» өндірістік бірлестігінде бастаған. 2004-2008 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» Барлау.Өндіру» компаниясында геология және игеру департаменті директорының орынбасары, департамент директоры қызметтерін атқарған. Бұдан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-та мұнай мен газды өндіру жөніндегі атқарушы директор, геология, геофизика және резервуарлар бойынша басқарушы директор, бас геолог қызметтерін атқарған.
Жолдасбек Шөпеғұл,
Дерек: «ЕмбіМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz.

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе
Аймақтар • Кеше
Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды
Қоғам • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
Спорт • Кеше
«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды
Саясат • Кеше
Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Кеше
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше