Елорда • 28 Мамыр, 2024

Астанада бір пәтерге 400-ден аса адам тіркеліп алған

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада полицейлер 400-ден астам адам тіркелген пәтерді анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада бір пәтерге 400-ден аса адам тіркеліп алған

Polisia.kz жазғандай, жыл басынан жүргізілген тексерулер нәтижесінде 35 мекенжай анықталды. Онда нақты тұрғылықты жері жоқ азаматтар тіркелгені белгілі болған. Олармен бірге тұрмайтын жеке тұлғаларды есепке қойғаны үшін тұрғын үй иелері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 493-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көші-қон қызметінің қызметкерлерімен барлығы 40-қа жуық хаттамалар жасалып, оның ішінде 6 заңбұзушыға қайтадан жауапкершілік қарастырылды. Онда іс жүзінде тұрмайтын азаматтарды тіркеген "резенке пәтерлердің" иелері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 493-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көші-қон қызметінің қызметкерлері 40-қа жуық хаттама жасап, оның ішінде 6 тәртіп бұзушыны қайтадан жауапкершілікке тартқан.

Мысалы, полицейлер 400-ден астам адам тіркелген пәтерді және 230-дан астам Қазақстан Республикасының азаматы тіркелген тағы бір пәтерді анықтаған. Тұрғын үй иелерінің өтініші бойынша осы мекенжайларда тұрмайтын, бірақ тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары есептен шығарылды.

Айта кетейік, бүгінгі күні заңнамада бір мекенжай бойынша тіркелген азаматтардың санына шектеулер қарастырылмаған. Дегенмен, тіркелген азаматтар тіркелген жерінде нақты тұруға міндетті.