Оқиға • 29 Мамыр, 2024

Бірнеше өңірде Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлімшелері құрылды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа бөлімшелері құрылды. Тиісті бұйрыққа Қаржы министрі қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірнеше өңірде Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлімшелері құрылды

Фото:gov.kz

Құжатқа сәйкес Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі мынадай бөлімшелермен толықты:

- Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жаңасемей ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы;

- Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақаншы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы;

- Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алатау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы;

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Үлкен Нарын ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы;

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Марқакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін  Қазақстанда жаңа полиция бөлімшелері құрылған болатын.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті