Жемқорлық • 29 Мамыр, 2024

35 миллион теңге жымқырған балабақша меңгерушілері сотталды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ЖШС директоры мен балабақша қызметкерінің өздеріне сеніп тапсырылған мүлікті ірі көлемде жымқыруға байланысты істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

35 миллион теңге жымқырған балабақша меңгерушілері сотталды

фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Сот мәліметінше, басшылар азық-түлік өнімдеріне жалған сұраныс беріп, сенімсіз нысанмен электрон шот-фактуралар, салыстыру есептерін жасасқан. Менеджерлер ақшаны ЖШС директорының есепшотына аударған.

«Осылайша, сотталушылар ЖШС директорының көмегімен өздеріне сеніп тапсырылған 35 миллион теңгеден астам ірі көлемдегі мүлікті ұрлаған», делінген хабарламада.

Сотта прокурор айыптауды қолдады. Сотталушылар кінәларын мойындамай, ақтау үкімін шығаруды сұрады. Жәбірленушінің өкілі айыпталушының кәмелетке толмаған балаларын ескере отырып, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Нәтижесінде сот менеджерлерді үш жылға бас бостандығынан айырды. Олардың біреуі үшін жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы, сондай-ақ денсаулығына байланысты нақты жаза бас бостандығын шектеумен ауыстырылды. Дәл осындай жазаны балабақша қызметкері де алған. ЖШС директоры осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылық үшін бұрын сотты болғаны ескеріліп, 4 жылға сотталды.

«Сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды», деп толықтырды сот.