Фото: ernur.kz
Кездесуге қатысушылар комитеттің «Оңтүстік аймақтағы агроөнеркәсіптің жай-күйі: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбы бойынша Түркістан облысында өткен көшпелі отырысының қорытындыларын талқылады. Онда агроөнеркәсіп кешенін дамыту және өзекті мәселелерді шешу жолдары қаралған болатын.
Сенаторлар көшпелі отырыстың қорытындысында анықталған проблемаларды шешу жөніндегі ұсынымдар топтамасын әзірледі. Атап айтқанда, эрозияға ұшыраған жерлерді қалпына келтіру бойынша жол картасын әзірлеу, фермерлердің геоботаникалық және топырақ зерттеулерінің нәтижелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит және цифрландыру жүргізу ұсынылды.
Сенаторлар агроөнеркәсіп секторындағы ахуалды жақсарту және су ресурстарын басқару үшін субсидияларды нысаналы пайдалануға тоқсан сайын мониторинг жүргізу, қолайлы инвестициялық орта құру, заманауи зертханалар санын ұлғайту және фитосанитариялық және ветеринариялық бақылауды күшейтуді ұсынды. Сондай-ақ жылыжайларды жылытуға және ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін арттыруға арналған шығындар бойынша мемлекеттік қолдау шараларын қарастыру ұсынылады.