Оны литвалық «Chronus Robotics» стартапы құрды. Құрылғының алғашқы бастамасы 2020 жылы жарияланған-тұғын. Жақында оның алғашқы сынақтары басталды. Оның жамбас белдіктері үдеріс кезінде адамның орындықтан сырғып кетпеуін қамтамасыз етеді. Орындықты көтеру механизмі мен дөңгелектер дененің жоғарғы бөлігінің қозғалысымен басқарылады. Сондықтан пайдаланушының қолдары әрқашан бос болады. «Kim-e» бір зарядта 30 км-ге дейін жүре алады. Жол талғамайтын дөңгелектері бар.
Қабырға тұрғызды
Цюрих ғылыми зерттеу институтының командасы жасаған «HEAP» робот-экскаваторы адамның көмегінсіз әрі цементті қолданбай тас қабырға тұрғызды.
Робот 12 тонналық экскаватор негізінде жасалған. Оны ғалымдар өзінің бағдарламалық жасақтамасымен жабдықтап, өзгертті. Ерекше құрылғы ерітіндіні қолданбай, құрғақ тастан биіктігі 6 метр, ұзындығы 65 метр қабырға тұрғызды. Эксперименттің бір бөлігі ретінде «HEAP» құрылыс алаңын сканерлеп, оның 3D картасын жасады. Содан кейін робот әрбір тасты жерден көтеріп, машиналық көру технологиясын қолданып, оның салмағы мен ауырлығын бағалады.
Марсқа кесіртке барады
Нанкин университетінің ғалымдары жаңа төрт аяқты робот ойлап тапты. Робот-кесіртке болашақта Марсты зерттемек.
Зерттеушілер Марс рельефінің күрделі құрылымына байланысты әдеттегі доңғалақтар мүлдем келмейтінін айтты. Енді бұл мәселені шешуге шөлді кесірткенің қозғалу стилін көшіре алатын, икемді дене құрылымы бар биомиметикалық жорғалаушы робот көмектеседі. Қызық құлтемір бауырымен жорғалаушыларға тән қимылдарын қайталай алады. Себебі әр аяғы тербелмелі қозғалысты тудырады. Роботтың аяқтарында екі топса мен тырнақтан тұратын төрт икемді саусақ бар.