Қоғам • 30 Мамыр, 2024

Су тасқыны салдарынан ет бағасы қымбаттай ма?

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин елде болған су тасқыны салдарынан ет пен малдың бағасы өспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су тасқыны салдарынан ет бағасы қымбаттай ма?

фото: turkystan.kz

Сенаттың жалпы отырысынан кейін министрдің орынбасарына «Тасқынның салдары ет пен малдың бағасына әсер ете ме?» деген сұрақ қойылды.

Аманғали Бердалин табиғи апат нарықтағы бағаға әсер етпейтінін жеткізді.

«Жоқ, Қазақстанда 9 млн-ға жуық ірі қара, 27 млн-ға жуық қой, 4 млн-ға жуық жылқы бар. Тасқыннан қырылған 12 мың бас жалпы малдың 1%-ын да құрамайды. Сондықтан нарыққа ешқандай әсері болмайды», деп сендірді вице-министр.