16 Қаңтар, 2015

Дінаралық үнқатысуды ілгерілету жолында

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның Мысырдағы елшісі Берік Арын Әл-Азһар Бас имамы және Шейхы доктор Ахмад Ат-Тайебпен кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстан Президенті Н.Ә.На­зар­баевтың бастамасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі шеңберінде әлемде дінара­лық және конфессияаралық үнқа­ты­суды дамыту бағытында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық болды. Бұған қосымша, тараптар Қазақстан мен Мысырдың бір­лескен жобасы «Нұр-Мүбәрак» уни­вер­ситетінің қызметіне, сон­дай-ақ, қазақстандық студент­тердің «Әл-Азһар» универси­тетінде білім алуына қатысты мәсе­лелерді қарастырды. Б. Арын 2014 жылғы 17-18 қыр­күйекте Астанада өткен дін­аралық форум хатшылығының XIII отырысына Әл-Азһар және Мысырдың Уақыфтар министрлігі өкілдерінің қатысқандары үшін алғыс білдірді. Осы тұрғыда ол Қазақстан басшылығының Әл-Азһар шейхының мемлекетіміздің елордасында осы жылғы маусымда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне қатысуын күтетінін жеткізді. «Егемен-ақпарат».