Жануарлар тамақтарының дәмін адамдарға айта алмайды. Сол үшін табиғат жанашырлары «дәм келтіруші» деген мамандық ойлап тапқан. Осы іспен айналысатындардың бірі – Саймон Элиссон. Оған мысық пен иттердің тамағын сынақтан өткізген ұнайды екен. Сүйікті ісінен ақша да тауып жүр. Саймонның пікірі азықтың базарға шығарылуы немесе шығарылмауына тікелей әсер етеді.
Сынақтан өткізеді
Аттракцион, суға шомылатын ойын алаңдары жаңадан ашылған кезде сынақтан өтуге тиіс. Осы істен адреналин алып, тексерістен өткізетін ерекше мамандық бар екен.
Жаңадан іске қосылған демалыс орындарының ең бірінші қонағы – осындай жандар. Егер сіз мұндай мамандықты жақсы меңгерсеңіз, әлемнің кез келген нүктесінен өзіңізге жұмыс тауып аласыз. Бұл іс қызық болып көрінгенімен, қауіпті. Себебі биік құбырдан құлдилау, әрлі-бері ұшыра жөнелетін аттракциондарға алғаш отыру үшін жүрек керек. Егер кемшін тұстары болса, сынақтан өткізетін адам зардап шегуі әбден мүмкін.
Кәсіби ысқырғыш
Кейбір адамдарға ысқырғандарына бола ақша төлейді. Сондай жандардың бірі – Стив Хербст.
Ол бірнеше мәрте көркем ысқырудан әлем чемпионатында жүлделі орынға ие болды. Стивті кішкентай кезінде ата-анасы қонаққа барғанда бірге алып жүретін болған, себебі ол өзінің өнерімен жақын таныстарының көңілін көтереді екен. Стив – жарнамалық фирманың қызметкері, ол Манхеттеннің көшелеріне де шығып өз өнерін көрсете алады. Оны Моцарт немесе Листің ерекше әндерін тыңдауға жиналған көптеген есінеушінің арасынан оңай ажыратуға болады.