Қоғам • 31 Мамыр, 2024

«KMF» пен «Қазпошта» серіктестік жөніндегі келісімшартқа қол қойды

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«KMF» қаржыландыруы бұрынғыдан да қол­же­тімді болмақ. 30 мамырда «KMF» компаниясы мен «Қазпошта» акцио­нерлік қоғамы серік­тестік жөніндегі ке­лісім­шартқа қол қой­ды.

«KMF» пен «Қазпошта» серіктестік жөніндегі келісімшартқа қол қойды

СуреттЕ: «KMF» Басқарма төрағасының орынбасары Қарлығаш Райханова және «Қазпошта» АҚ Басқарма мүшесі - қаржы қызметтері жөніндегі басқарушы директоры Шолпан Әбірова

Бұл келісімге сәйкес, енді 3 млн теңгеге дейінгі микро­кре­дитті 36 айға де­йінгі мерзімге «Қазпошта» бөлім­шелері арқылы рәсім­деуге болады. «KMF» қыз­меткерлерінің айтуынша, алғашқы қанатқақты жобаға «Қазпоштаның» 30 бөлімшесі қосылған және жоба екі айға созылмақ. Ал алдағы уақытта барлық филиалын қам­­ту көзделіп отыр.

«KMF» компаниясы клиенттеріне өз өнімдері мен қызметін ұсынып қана қоймай, оларды пайдалану клиент үшін барынша ыңғайлы болуына да барынша күшін салады. «Қазпошта» акционерлік қоғамымен серіктестігіміз арқылы біз клиенттерімізге бұрынғыдан да жақындай түстік және қаржыландыруға қол жеткізу де ыңғайлы бола түседі деп сенеміз. Себебі біздің тұтынушыларымыздың да басым бөлігі өңірлерде», деді «KMF» Басқарма төрағасының орынбасары Қарлығаш Райханова.

Айта кетейік, «Қазпошта» бөлім­шелерінде орналасқан QR-кодтар арқылы «KMF» микрокредитіне 5 минутта қол жеткізуге болады, ал сұрақтар туындаған жағдайда «Қазпошта» операторлары көмекке келеді.

Бөлімшелер тізімін «KMF» сайтынан табуға немесе 7474 нөміріне хабарласуға болады.

«KMF» мәліметтеріне сәй­кес, микрокредит тұтыну­шылық мақсаттарға, кепілсіз және 21-70 жас аралығындағы Қазақстан азаматтарына бері­леді. Талап – тұрақты еңбек­ақының болуы, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін табысын растайтын шоттан үзінді көшірменің болуы жет­кілікті. Қажетті, мақұл­дан­ған сома кез келген банк картасына аударылады. 

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы 

 

Алматы