16 Қаңтар, 2015

Діни байланыстар нығая түседі

234 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің басшылығымен құрылған делегация Түрік Республикасына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Ғ.Шой­кин Түркияның Дін істері бас­қар­масының төрағасы Мехмет Гөрмез­бен, «Хасеки» дін орталы­ғы­ның басшылығымен және Ан­ка­ра, Ыстамбұл, Кония қала­лар­ын­да орналасқан дін істері басқар­маларының өкілдерімен кездесті. Кездесу кезінде Қазақстан мен Түркия дін басқармаларының өкіл­дері екі мемлекет ара­сын­дағы тео­логиялық білім беру бағы­тындағы қарым-қатынас деңгейін талқылады. Атап айтқанда, Түр­кия Дін істері басқармасының төрағасы М.Гөрмез бауырлас Қазақстанмен қарым-қатынасты кеңейтуге және нығайтуға дайын екендігін білдірді. Сонымен қатар, ол қазіргі таңда Түркия аума­ғында 85 мың мешіт, 700-ге жуық теологиялық лицей мен құран оқып үйрену курстары және Түркия жоғары оқу орындарында 100-ге жуық теологиялық факультеттердің бар екендігін хабарлады. Жоғарыда аталған барлық мешіттердің және оқу орындарының қызметін Дін істері басқармасында жұмыс істейтін 1000-ға жуық қызметкер мен сарапшы қадағалайтынын жеткізді. Сонымен қатар, М.Гөрмез Түркияда имамдардың мемлекеттік қызметкер мәртебесіне ие екен­дігін және олар қажетті әлеумет­тік пакетпен қамтамасыз етіле­тін­дігін айта отырып, қазіргі таңда елде мемлекет тарапынан қар­жыландырылатын лицей мен кол­ледж деңгейіндегі діни оқу орын­дарында және жоғары оқу орын­дарында теoлогиялық факуль­теттердің бар екендігін мәлімдеді. Дін саласында жасалған қажетті жағдайлардың нәтижесінде халықтың діни сауаттылығы жоғары екенін және экстремистік ағымдардың Түркия халқының сана-сезіміне әсер ету деңгейі өте төмен екенін атап көрсетті. Кездесу нәтижесінде қазақ­стан­дық діни қызметкерлерге тео­логиялық білім беру және басқа да діни бағыттар бойынша екі елдің ведомстволар­аралық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған хаттама дайындау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. «Егемен-ақпарат».