Фото: Almaty-akshamy.kz
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Қазақстан Республикасының қалған аумағында тұрақсыз ауа райы қалыптасады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста бұршақ жаууы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстік-батыста және солтүстікте тұман күтіледі. Түнде Қостанайдың солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстанның солтүстігінде, Павлодарда, Ақмола облыстарының солтүстігінде, шығысында 1-3 градус үсік жүреді.
Атырау, Батыс Қазақстан, солтүстік-батыста, Маңғыстау облыстарының орталығында, Жетісу облысының шығысында, орталықта, Түркістан облысының солтүстік-шығысында, батыста, Жамбылдың шығысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Ақтөбенің батысында, Қызылорданың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде Түркістан облысының шөлді аймақтарында, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.