Фото: Кazakhstan Today
Олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген 159,4 млн теңге сомасына ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған.
Сондай-ақ Наханов әскерилендірілген теміржол күзетінің жүргізушісі ретінде адамды жұмысқа орналастыру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.
Сот үкімімен Нахановқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол үкіммен Мұқатаева мен Сидиков 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.