16 Қаңтар, 2015

Үйлесімділік үрдістері үзілмейді

552 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекеттік хатшы Гүл­шара Әбдіқалықова БҰҰ Да­му бағдарламасының Қа­зақ­стандағы Тұрақты өкілі Сти­венн Туллмен кездес­ті. Кездесуге БҰҰ Даму бағ­дар­ламасының Қазақстандағы Тұ­рақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтенгерел, Әйел­дер істері және отбасы­лық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасарларыПарламент Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко мен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысты. Г.Әбдіқалықова тараптар ара­сында қол жеткізілген өзара түсі­ністік пен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ, БҰҰ Даму бағдарламасының Қа­­зақ­стан­ның әлеуметтік-эко­номи­­ка­лық жаңғыру үдерісіне қос­­­қан елеулі үлесін атап өтті. Мем­ле­кет­тік хатшы, сон­дай-ақ, инфрақұрылымдық даму жос­пар­ының шеңберінде Қазақ­станның әлеуметтік инфра­құ­ры­лымын дамыту жөніндегі өзара тығыз іс-қи­мылдың, оның ішінде барлық ин­фрақұрылымдық жобаларға әйел­дерді белсенді тартудың ай­рық­ша маңыздылығына тоқталды. «Бүгінде БҰҰ Даму бағ­дар­ламасының Қазақстанда қызмет еткеніне 20 жылдан асты. Осы жылдар ішінде 180-нен астам жоба әзірленді. Олардың басым көпшілігі әлеу­мет­тік-гума­­ни­тар­лық бағытта жүзеге асты. Осы жобалардың аясында бірқа­тар салалық бағдарламалар қолға алынды. Әлеуметтік, эко­ло­гиялық, әйелді қолдау, аза­мат­­тардың құқықтарын қорғау бағыттары бойынша арнайы зерттеулер жүргізілді. Бізде әлі де жүзеге асырылып жат­қан жо­балар бар. Демек, алдағы уа­қытта біз өзіміздің ынты­мақ­тас­ты­ғымызды дамытуымыз керек.  Барлығымыздың алдымызда үлкен міндеттер тұр. Олар – Елбасы айқындаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы және «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жаңа Экономикалық Саясаты. Сондықтан, біз бүгінгі күнге дейін сәтті жүзеге асқан жобалар секілді бұл бағдарламаларды да бірлесіп, нәтижелі іске асырамыз деп ойлаймын», деді Г.Әбдіқалықова. С.Тулл өз кезегінде БҰҰ Даму бағ­­дар­ламасы мен Қазақстан Үкі­меті арасындағы әріптестік байла­нысқа тоқтала келе, Елбасы­ның ха­лыққа арнаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жол­дауының маңыздылығын атап өтті. «Бұл Жолдау тек Қазақ­станның өз ішінде ғана емес, сырт елдерде де болашақты болжаған стратегиялық құжат ретінде танылғанын атап өтті. «Бұл стратегиялық құжатты халық өте жоғары қабылдады. Ал мұндайда Үкімет халықтың өмір сапасын арттырып, ел көкейінде жүрген сауалдарға жауап табуға сеп болатын бірден-бір дәнекерге айналуда. Бізді бұған дейінгі кездес­кен экономикалық қиындықтарға қарамастан, Қазақстан Үкіметінің ел инфарқұрылымын дамытуға қажетті инвестицияның үзілмеуіне, халықтың өмір сапасының артуына жағдай жасауға барынша ұмтылуы үлкен қызығушылық тудырып отыр. Сондықтан, Қазақстан Пре­зи­ден­тінің бұл Жолдауы халық­ара­лық қауымдастықтың тиімді және сенімді мүшесі екенін айғақ­тап берді. Біз алдағы уақытта бұл бағдарламалық құжаттың Қазақ­станның даму қағидаттарына қан­шалықты деңгейде әсер ететінін, бұл орайда Қазақстанның ұсынар тәжірибесін, мемлекеттік қызмет тетіктерін жетілдіру мәселелерін саралайтын боламыз», деді С.Тулл. Кездесуге қатысушылар Мем­лекет басшысы белгілеген «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы және «Нұр­лы Жол – болашаққа бас­тар жол» Жаңа Экономикалық Сая­саты міндеттерін орындау аясында еліміздің әлеуметтік-гума­ни­­тар­­лық дамуының кең ауқым­ды мәсе­лелері бойынша өзара іс-қи­мыл­дың перспективаларын талқы­лады. Тараптар алдағы уақытта сы­байлас жемқорлықтың алдын алуға, сон­дай-ақ, қоғамның рухани-адам­гершілік дамуына ба­ғыт­тал­ған шаралар бойынша ынты­мақ­тастықты нығайтуға уағдаласты. Мәселен, Елена Тарасенко Қа­зақ­станның тәуелсіздік алған жылдардан бері түрлі халықаралық ұйым­дармен тиімді байланыс орнату­дың бірегей моделін ұстанып келе жатқанын тілге тиек етті. «БҰҰ Даму бағдарламасы қолдау-көмек танытуға, әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуға, халықтың өмір сапа­сын арттыруға айрықша мән беретін елдерге тікелей бағыт­талған. Мемлекет басшысы әр­дайым бұл бағытта стратегиялық құ­жаттардың дайындалуына көңіл бөліп, сол арқылы еліміздің тұрақ­ты дамуына күш салып келеді. БҰҰ Даму бағдарламасы осы сала­дағы маңызды жобалардың жүзе­ге асуына қолдау білдірді. Сон­дай құжаттардың бірі – «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы. Бұл стра­те­гияның алдында кеуделі міндет­тер тұр. Біз қазақстандықтар бұл мін­дет­тер үдесінен шығады деп үміт­тенеміз», деді Мәжіліс депутаты. Оның айтуынша, БҰҰ Даму бағдарламасы халықаралық озық тәжірибені енгізу бағытында көп көмек көрсеткен. Сондай-ақ, Қазақстан қолға алған стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға, жаңа инновацияларды, технология­ларды іздестіріп, оларды ел дамуына бағыттауға үлес қосқан. Ал Л.Сүлеймен өз сөзінде Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен БҰҰ Да­му бағ­дарламасы арасында бір­не­ше жылдан бері табысты ын­ты­мақтастық орнап келе жатқанын жеткізді. «2009 жылы әйелдердің экономикалық және саяси бел­сенділігін арттыру бағытында бір жоба жүзеге асса, 2010 жылы елдің рухани-адамгершілік дамуы арқылы әлеуметтік-эко­но­микалық проблемаларды еңсеруге бағытталған ортақ жоба әзірленді. Жалпы алғанда, мұндай жобаларды Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ Даму бағдарламасы бірлесіп қаржыландырып келеді», деді Л.Сүлеймен. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».