Кеше «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Әркімнің дауысы маңызды!» атты ақпараттық акциясының қорытындысын шығарды. Ондағы негізгі мақсат – белгілі бір кандидатты үгіттеп, саяси күшке қолдау білдіру емес, керісінше, жұртты өз қалауы бойынша дауыс беруге шақыру әрі бизнес қауымдастықтың белсенділігін арттырып, республика азаматтарын кезектен тыс президенттік сайлауға бір кісідей қатысуға атсалысу, үндеу.
Баспасөз өкілдерімен жүздескен шара барысында «Атамекен» ҚР ҰҚП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, «Жұмбақтас» МҚК директоры Сәуле Жақсылықова, «Концерн» Цесна-Астық» және маркетинг бөлімінің басшысы Екатерина Шипилова қатысып, аталмыш акция төңірегінде өз ойларымен бөлісті.
Бұл туралы басқарма төрағасының орынбасары Н.Әлтаев: «Біз осы акцияны бастар кезде отандық бизнес-қауымдастықтан мұндай жоғары белсенділік күткен жоқпыз. Кәсіпкерлер бұған пайда көзі ретінде емес, өздерінің азаматтық борышын орындау мақсатында кірісіп кетті. Кездесу барысында қаншама жақсы сұхбаттар болды. Маған қатысушылардың өз ойларын еркін жеткізгендері ұнады. Әсіресе, тұрғындардың қойған сұрақтарының дені несие, тұрғын үй мәселесіне қатысты өрбіді. Бұл өтініш-ұсыныстарды біз алдағы уақытта қарап, шешу жолдарын іздестіретін боламыз», – деді баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында.
Ауқымды шараға 1850 кәсіпкерлік құрылымның өкілдері қатысты. Оның ішінде, дәмхана, қонақ үй, сауда орталықтары, әсемдік салондары және қаржы ұйымдары да бар. Отандық 350 кәсіпорын өз өнімдеріне «Әркімнің дауысы маңызды!» деп жазылған 3 миллионнан астам арнайы жапсырма жапсырылған. Ал қазақстандық жоғары оқу орындарында 10 мыңдай күнтізбе ілінді.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің айтуынша, аталған акция арқылы миллионнан астам отбасы мен 3 миллиондай ғаламтор-пайдаланушы қамтылған.
Жиын соңында аталмыш шараға белсенді түрде атсалысқан отандық компаниялар мен ақпараттық қолдау көрсеткен БАҚ өкілдері марапатталды. Атап айтқанда, ең озығы Жамбыл облысы, сонан кейін Павлодар облысы, ал үшiншi болып Солтүстiк Қазақстан облысы тiркелді.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
журналист.

Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42
Қызылордада қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтады
Аймақтар • Бүгін, 15:27
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:23
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жамбылдық полицейлер құстарға ұя салып берді
Аймақтар • Бүгін, 14:13