Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде бизнесті қолдау мен дамытуға арналған бірегей бағдарламаны жүзеге асыру басталғаны жария болды. Ол туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры Қаныш Төлеушин, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, аталған қордың басқарушы директорлары Ғабит Лесбеков пен Нұрлан Ақшанов айтты.
Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға қатысты бұған дейінгі бірқатар бағдарламалар мен құжаттардың басын біріктірген бірегей бағдарламаның маңызына тоқталған Қ.Төлеушин, ондағы мақсат бизнестің дамуы мен өркен жаюын қамтамасыз ете отырып, аймақтарда жаңа жұмыс орнын ашу үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға қолдау көрсету екенін тәптіштеді. Ал бағдарламаның жетілдірілген шаралары жөнінде «Даму» қорының жетекшісі әңгімеледі. Төрайымның айтқанына илансақ, 180 млн. теңгеге дейінгі сомадағы жобаларды қаржыландыру жұмыстары жеделдетіліпті. «Сөзді Үкiмет қабылдаған жаңа бiрегей бағдарламадан бастайық. Бизнестi дамыту мен қолдауға арналған аталған бағдарлама «Бизнестiң жол картасы-2020» және басқа да бiрқатар салалық бағдарламалардың базасында жасалды. Жаңа бағдарлама жасауды өткен жылы Президент Үкiметке тапсырған болатын. Өткен айда Үкiмет жаңа бағдарлама туралы қаулы қабылдады. «Даму» қоры осы жаңа бағдарламаның қаржы агентi болып қала бередi», дедi Л.Ибрагимова.
Қордың баспасөз парақшасындағы ақпаратқа зер салсақ, бірінші кезекте бұл бағдарламаның ауыл кәсiпкерлерi үшiн қолжетiмдiлігі еселеп артады. «Бiрiншi бағыт бойынша елдi мекендерде, шағын және моноқалаларда бизнес дамытылады. Бiрiншi сәуiрден бастап екiншi деңгейлi банктер қаржыландыратын барлық жобалар салалық шектеусiз субсидияланатын болды. Сондай-ақ, бағдарлама жылдам бола түстi. Көптеген кәсiпкерлердiң жобасы екiншi деңгейлi банктен қолдау тапқаннан кейiн, өңiрлiк үйлестiру кеңесiнде қаралатын еді. Ендi «Даму» қоры кепiлдендiретiн құны 180 млн. теңгеге дейiнгi жобалар өңiрлiк үйлестiру кеңесiнiң қарауынан өтпейтiн болады. Оған қоса, жаңа бағдарлама бойынша қолдау көлемi артып, бизнестi салалық қолдау бағыты енгiзiлiп отыр. Оның аясында «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының басымдық берiлген салалары сақталды. Мұнымен қатар, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында құны 4,5 млрд. теңгеге дейiнгi барлық жобалар бойынша субсидиялау мөлшерлемесі 10 пайызға дейiн ұлғайтылды. Осылайша, бағдарлама жобалары екiншi деңгейлi банктерде басымдыққа ие болады», дедi төрайым. Үшiншi бағыт бойынша валюталық тәуекелдердi төмендету көзделiп отыр. Кәсiпкерлiк әлеуеттi арттыратын төртiншi бағыт бойынша қолдаудың артуына байланысты қаржылай емес бағдарламалар бойынша бiрқатар функциялар «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасына берiлді. Биылғы 1 қаңтардан бастап «Бизнес-кеңесшi» бағдарламасын, аудандар мен моноқалалардағы кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарын өңiрлiк кәсiпкерлер палатасы қолға алған.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42
Қызылордада қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтады
Аймақтар • Бүгін, 15:27
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:23
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жамбылдық полицейлер құстарға ұя салып берді
Аймақтар • Бүгін, 14:13