Фото: Туризм және спорт министрлігі
Бокстан Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан соңғы лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасы 3 жолдама жеңіп алды.
21 жастағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шешуші кезеңде молдовалық Александру Парасчивтен басым түсті. Қорытынды есеп 5:0.
Осылайша, отандасымыз 63,5 келідегі Париж Олимпиадасында жүлдеге таласады.
Айта кетейік, бұған дейін Валентинова Хальзова (75 кг) мен Назым Қызайбай (50 кг) Таиланд төрінде жолдамаға қол жеткізген еді.