16 Қаңтар, 2015

Телефон арқылы сөйлесті

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев Украина Пре­зи­денті Петр Поро­шенко­мен телефон арқылы сөй­лес­ті, деп хабарлады Прези­денттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшылары Ук­раинадағы қазіргі ахуалды, сондай-ақ, екіжақты ынты­мақ­тастық мәселелерін талқылады. П.Порошенко жоғары дең­гей­дегі кездесуді өзінің Аста­нада өткізуге ықыласты еке­нін растады. Ол, сонымен қатар, таяу уақытта «норманд төрттігінің» сыртқы істер министрлері мен Шығыс Ук­раи­надағы дағдарыс жөніндегі байланыс тобының кездесуі өтетінін, онда Қазақстанның елордасында талқыланатын құжаттың жобасы әзірленетінін атап өтті. Әңгіме барысында Украи­на, Ресей, Германия және Фран­ция көшбасшыларының Аста­надағы кездесуін қаңтардың аяғында өткізу қарастырылып отырғаны айтылды. Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды.