Фото: Kazakhstan Today
Алматылық полицейдің заңсыз әрекеті 17 мамыр күні желіге жүктелген.
Пара беруші қаржыны алу, беру процесін толық видеоға түсірген. Антикор әлеуметтік желідегі жазбаларды талдау барысында осы бейнежазбаға да назар аударып, сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Полицейлер шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбауы үшін пара алған.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Агенттік қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.