Фото: freepik
Биыл шет мемлекеттерден жалпы 1075 автокөлікке тиелген 15637,802 тонна қызанақ өнімі импортталып, оның ішінде, 29,522 тонна қызанақ өнімдері кері қайтарылған. Олардың фитосанитариялық талапқа (фитосанитариялық сертификаттың болмауы, таңбаның болмауы) сай келмейтіні анықталды.
Ал Түркіменстан (56,1 тонна) мен Өзбекстаннан (4,2 тонна) әкелінген қызанақ өнімдерінен «қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» анықталды.
Нәтижесінде өнімдерді елге кіргізуге тыйым салынып, кері қайтарылды.