Фото: bassport.kz
Париж рингінде жалпы саны 240 боксшы жүлдеге таласады. Париж Олимпиадасына қатысатын елдер арасында Аустралия 12 боксшымен көш бастап тұр. Бұл құрамада 92 келіде ерлер командасы жолдама иелене алмады.
Одан кейінгі сатыда 11 боксшымен Өзбекстан құрамасы тұр. Көрші елдің әйелдер құрамасы 60, 75 келіде жолдама жолында жеңіс тұғырынан көріне алмады. Ал ерлер құрамасы Бангкоктағы бәсекеге дейін жасақталған.
Ал үшінші орында 10 боксшы Париж төрінде жеңіс тұғырынан көрінуге үмітті Қазақстан, Бразилия, Ирландия елінің құрамалары.
Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы олимпиадалық барлық салмақта жолдаманы қоржынға салды, тек әйелдер құрамасынан 50, 60, 66 келіде жұдырықтасқан бұрымды боксшылар лицензияға қол жеткізе алмады.