25 Сәуір, 2015

Елдігіміздің ерен сынағы

604 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
Сайлау сөзі еримбетовНұрлан ЕРІМБЕТОВ, Қазақстан Респуб­ли­касындағы сай­лауды байқау жөнін­дегі рес­публикалық қо­ғам­дық комиссияның төр­ағасы, «Қазақ­­­стан­­ның Азаматтық Альян­сы» ЗТҰ президенті, сая­си ғылымдар кандидаты: – Біздер, қоғам қай­рат­керлері, сырт қал­ма­у жөнінде шештік. Сон­­дық­­тан біз Қазақ­стан­ Рес­пуб­ликасы Пре­зи­ден­ті­нің кезектен тыс сай­ла­уын байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның қызметін қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдадық. Бұл құрылым біздің еліміздегі бірқатар сайлау науқандары бойына өзінің тиімділігін дәлелдеді және әркезде де сайлау науқанына өзінің объективті бағасын берді.   кусмангалиеваЖанаргүл ҚҰСМАНҒАЛИЕВА, Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы сай­лау­ды байқау жө­нін­дегі республикалық қоғамдық ко­миссиясы төрағасының орын­басары, Еуразиялық интеграция инсти­ту­ты­ның директоры, Қа­зақстан Респуб­лика­сының Президенті жа­нын­да­ғы Адам құқық­тары жөніндегі комис­сияның мүшесі: – Барлық сайлауалды науқаны бойына Қоғамдық комис­сия бүкіл ел бойынша сайлау заңнамаларының сақта­луы­на, кандидаттардың сайлауалды штабтарының, сайлау комис­сияларының жұмысына бақылауды жүзеге асыр­ды, кандидат­тардың сайлауалды науқандарына мониторинг жүргізді. Өз байқаушыларымыз үшін біз әдістемелік материалдар кешенін, са­рапшылық кеңестер әзірледік, брифинг­тер мен семинарлар өткіздік. Біз қазақ және орыс тілдерінде комиссия сайтын (www.bakylau.kz) құрдық, call-орталық ұйымдастырдық. серикбаевАманқұл СЕРІКБАЕВ, Қазақстан Респуб­ли­ка­сын­да­ғы сайлауды байқау жөнін­дегі рес­пуб­ликалық қоғамдық комис­сия­ның мүше­сі, Еуразиялық интеграция инсти­туты директорының бірінші орынбасары: – Мен үшін осы үдеріске өзімнің тікелей қатысуым – үлкен жауапкершілік. Мен көрсетілген сенім үшін алғыс айтамын және Комиссия мүшелерімен, байқаушылармен бірге біз бұл сайлаудың мөлдір, адал, әділ болуы үшін бәрін де жасаймыз. Комиссия жұмысы жоспар бойынша жүруде: біз ел азаматтарымен, штабтар өкілдерімен, халықаралық байқаушылармен кездестік, олардың ұсыныстары мен ескертулерін тыңдадық.   ЖексенбайБибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, Қазақстан Республи­касындағы сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық ко­­мис­сияның мүшесі, 7 арна директорлар кеңесінің төрайы­мы, Бас редак­­­­тор­лар клубының президенті: – Бас редакторлар клубы атынан мен Қа­зақ­­­­стан Президенті сайлауын байқау жө­нін­дегі жұмысқа алғаш рет қатысып отырмын. Сон­дықтан бұл, бірінші кезекте, мен үшін үл­кен жауапкершілік. Қазақ­станның көптеген редак­циялары сайлауды БАҚ-та әділ жазып көрсету туралы хартияға қол қойды. Мен бұл құжат сондай-ақ олардың жауапкершілігін тереңірек сезінулеріне және сайлауды адал да әділ бейнелеуге көмектеседі деп ойлаймын. МахпироваРа­хилям МАХПИРОВА, Қа­зақстан Респуб­ли­ка­сындағы сайлауды бай­қау жөніндегі респуб­ликалық қоғамдық ко­миссияның мүшесі: – Кез келген адам үшін сайлау – ол азамат­тық борыш. Мен үшін әрине сайлаудың мөлдір, адал, әділ өткені, негіз­гі демократиялық қағи­дат­тардың сақталғаны маңызды. Егер мен оған қатысар болсам, мен үшін өзімнің азаматтық борышымның орындалып жатқанын түсіну өте маңызды, сондықтан өзімнің азаматтық позициям тұрғысынан мен Комиссия мүшесі ретіндегі өз жұмысымнан үлкен қанағаттанушылық аламын.   ШирмерТа­ма­ра ШИРМЕР, Қазақ­стан Респуб­лика­сын­дағы сайлауды бай­қау жөніндегі респуб­ликалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Бізде Комиссияда елі­міздің өте жауапты және лайықты азаматтары жұ­мыс істейді. Біз өңір­лер­ге бардық, сайлау ко­мис­сияларының, біздің әріп­тестеріміз – жер­гілікті жер­лер­­дегі сайлауды бай­қау жө­­ніндегі өңірлік және қалалық комиссиялар жұмысымен таныс­тық. Барлық жерде де адамдар бұл жұмысқа түсіністікпен және жауап­­кершілікпен қарайды, ешқандай қолайсыз сәттер болған жоқ.     ошакбаевРақым ОШАҚБАЕВ, Қазақстан Рес­публикасындағы сай­лауды байқау жөнін­дегі респуб­ликалық қо­ғамдық комиссияның мүшесі, «Атамекен» Ұлт­тық кәсіпкерлер па­латасы басқарма төр­ағасының орынбасары: – Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі болу, әсіресе, бұл Комиссия сайлаудың транспаренттілігіне, олар­дың ұлттық заңнамаға да, сол сияқты озық әлемдік тәжірибеге де толық сәйкестігіне қатысты тәуелсіз білікті көзқарасты қамтамасыз етуі тиіс екенін назарға алсақ, үлкен жауапкершілік деп есептеймін. Бүкіл электоралдық науқанға қатысушыларға табыстар тілеп, барлық талаптар мен озық стандарттарды барынша сақтауға шақырғым келеді. КопабаевӨмірәлі ҚОПАБАЕВ, Қазақстан Респуб­ликасындағы сай­лауды байқау жөніндегі респуб­ли­ка­лық қоғам­­­дық комиссияның мүшесі: – Біз Президент, Парламент депутаттары сайлауларына талай рет қатыстық. Заңгер ретінде, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі бола отырып мен сайлау науқаны барысында сайлау заңнамаларының толықтай сақталғанын қадағалаймын. Сайлау күні біз сайлау учаскелері мен одан тыс жерлерде президенттікке кандидаттардың да, сол сияқты сайлаушылардың өздерінің де, сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелерінің және, әрине, байқаушылардың құқықтарының бұрмалануына жол берілмеуін бақылайтын боламыз. Осылайша, біз Қазақстанда мөлдір, әділ және заңды сайлаудың өтуіне өз үлесімізді қосамыз. шалахметовҒа­ділбек ШАЛАХМЕТОВ, Қазақстан Респуб­лика­сындағы сай­лауды байқау жөніндегі респуб­ли­ка­лық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Менің Сайлауды бай­қау жөніндегі рес­публикалық қоғамдық комиссия жұмысына қаты­суым мен үшін Отанға деген қатыстылығым болып табылады. Ол нені білдіреді? Бұл біздер, комиссия мүшелері алыс түкпірдегі ең кіші адамнан ең биік адамға дейін, бүкіл қазақстандықтарға, барлық қолжетімді құралдармен қазіргі Қазақстанның қандай екенін, бұдан да жақсырақ өмір сүру үшін және біздің әл-ауқатымыз бен бүкіл еліміздің әл-ауқатының біздің таңдауымызға байланысты екенін түсіндіруге тиіспіз деген сөз. несипбекНесіпбек АЙТ­ҰЛЫ, Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сындағы сайлауды бай­қау жөніндегі респуб­ликалық қоғамдық ко­миссияның мүшесі: – Қазір сайлауға белсенді дайындық жүріп жатыр. Мен, Қазақстан Республикасында сай­лауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі ретінде өңірлерде бола­мын. Өзім Шығыс Қа­зақ­стан облысына бардым. Қалаларда, селоларда, ­ауылдарда болдым, барлық жерлерде де адамдар сайлауға шынайы қызығушылық білдіреді. Сондықтан да мен сайлау адал, таза, әділ өтеді деп ойлаймын, өңірлерде бәрі бақылауда тұр, мен бұрмалаушылықтар байқаған жоқпын, бәрі де халықаралық стандарттарға сәйкес өтуде. Демек, сайлау адал және мөлдір өтеді, біз өз жұмысымызды лайықты аяқтаймыз деп ойлаймын. ТлеукеновНы­ғ­­­­метолла ТІЛЕУКЕНОВ, Қазақстан Рес­­пуб­ликасындағы сай­лауды байқау жө­нін­дегі респуб­ликалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Менің сайлауды бақылау жөніндегі жұмыста бай тәжірибем болғандықтан, электор­алдық үдерістен сыртқары қалғым келмеді. Мен өз елімнің болашағы үшін, біздің азаматтарымыздың бойында құқықтық сайлау мәдениетін арттыру үшін жауапкершілікті сезінемін. Әр кез сайын Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның рөлі арта түсуде. Мен үшін бұл үшінші сайлау және ол алға басушылық көрініп тұр.   Матжанова ПатимаПатима МӘТЖАНОВА, Қазақстан Республи­касындағы сайлауды байқау жөніндегі рес­публикалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Егемендікке ие болған сәттен бері Қазақ­станда президенттік және парламенттік сай­лаудан бастап жер­гі­лік­ті атқарушы орган­дарға дейінгі түрлі дең­гей­лердегі бірнеше элек­торалдық науқандар өтті. Елімізде сайлау өткізуде үлкен тәжірибе жинақталды және оларға «озық халықаралық стандарттарға сәйкес» деген бағалар берілді. Бүгінде Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшелері қатарында әлемнің өзге елдеріндегі сайлауларды байқауға қатысқан адамдар да бар.   адиь ахметовӘділ АХМЕТОВ, Қазақстан Республикасындағы сай­лауды байқау жөніндегі республикалық қоғам­дық комиссияның мү­шесі, Халықаралық Тү­рік академиясы Тіл және терминология орта­лығының жетекшісі, ҚҒА мүшесі: – Менің халықаралық ауқымда байқаушылық тәжірибем бар: Ұлы­бри­та­ниядағы парламент сайлауы, АҚШ-тағы пре­зидент сайлауы, Барак Обама алғаш рет сайланғанда мен ЕҚЫҰ делегациясы атынан сайлауға қа­тыстым. Сондықтан мен біздің байқаушылармен өз тәжірибемді бөлісе аламын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия – шынымен де өте елеулі ұйым. Біз расымен де әділ және ашық сайлаулар өткізуге жағдай жасаймыз және жасауға тиіспіз. Өзімнің тікелей қызметіме қатысты айтарым, мен Атырау облысындағы барлық сайлау учаскелерін аралап шықтым және облыстық комиссия байқаушылары тарапынан олардың жұмысына қатысты бірде-бір ескерту естіген жоқпын. ТусуповаЛәз­зат ТҮСІПОВА, Қа­зақ­стан Республи­касын­дағы сайлауды бай­қау жөніндегі респуб­ликалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Әлемде салыс­тыр­малы түрде байқау институты тарихы көп емес – шамамен Ко­пен­гаген шарты қабыл­данғаннан кейін 90-шы жылдардан басталады. Демократиялық қағи­даттар мен стандарттарға адал Қазақстан Республикасы бұл үдерістерден сырт қалмақ емес. Бүгінде біздің қоғамымыз белсенді дамуда, адамдардың ой-саналары өзгеруде – осы ырғақты үдерістердің бәрі азаматтардың елдің қоғамдық саяси өміріне неғұрлым жауапкершілікпен, іскерлікпен қатысуын талап етеді.   РамазановТа­лант РАМАЗАНОВ, Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы сайлауды байқау жөніндегі рес­публикалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның қызметі қазақстандық демократияны дамытуда стратегиялық маңызға ие. Біздер дайындаған байқаушылар 26 сәуірде де, сондай-ақ арада онжылдықтар өткеннен кейінгі Қазақстандағы келесі сайлауларда да пайдасын тигізетін болады. Осы Комиссияға өзімнің қатысуымды Отан алдындағы өз борышымның мыңнан бірінің өтеуі деп білемін. ТельновВладимир ТЕЛЬНОВ, Қазақ­стан Респуб­ликасындағы сайлауды байқау жө­ніндегі республи­калық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Қазақстанның сайлау науқандарын өткізуде зор жетістіктері бар, жоғары ұйымдастырушылық дең­гей мен халықаралық стан­дарттарға сәйкестік көрініс табады. Біздің қоғамдық комиссия мо­нит­орингтерге айрықша тиянақтылық танытады. Бүгін барлық кандидаттар тең мүмкіндіктерге ие болды және барлық сайлау штабтарына үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайлар туғызылды деп айтуға болады.   ЛепсибаевШың­ғыс ЛЕПСІБАЕВ, Қазақстан Республика­сын­дағы сайлауды бай­қау жөніндегі респуб­ликалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Менің Комиссия жұмысына қатысуға деген ниетіме халықаралық байқау тәжірибелеріммен бөлісуге және Қазақстан Республикасындағы сай­лауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның қызметіне жұмыстың үздік стандарттарын енгізуге деген ұмтылыс себепкер болды. Сондай-ақ, менің үкіметтік емес ұйымдарды және бүтіндей алғанда азаматтық қоғамды электоралдық үдеріске, Қазақстан Республикасындағы сайлауға тартуға және рөлін арттыруға деген де қызығушылығым бар.   ЛавриненкоТа­мара ЛАВРИНЕНКО, Қа­зақ­стан Республи­ка­сын­да­ғы сайлауды бай­қау жө­ніндегі рес­публи­ка­лық қоғамдық комиссия­ның аста­на­лық филиалы­ның төрайымы: – Біз сіздермен біздің еліміздің дамуының куәгерлері және белсенді қатысушылары болып табыламыз. Тәуел­сіздік жылдары ішінде мұнда орасан зор өзгерістер орын алды, Қазақстан әлемдегі ең ырғақты дамушы мемлекеттердің біріне айналды, құқықтық мемлекет құру бойынша ауқымды демократиялық қайта құрулар жүргізілді және бүгінде әділ, ашық, мөлдір сайлаулар өткізуде біздер үшін барлық жағдайлар жасалды.