Фото: aqtobegazeti.kz
1 маусымнан бастап 30 қараша аралығына жоспарланған жоба бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады. Ерекше, қызықты бағыттардың бірі – «Патриот такси». Такси қала, аудан көшелерін аралап, жолаушыларды діттеген жеріне тегін жеткізеді. «Патриот таксиіне» отырған әр жолаушы үш кезеңнен тұратын интеллектуалдық ойынға қатысады. Такси жүргізушісі қойған сұрақтарға мүдірмей жауап берген жолаушы арнайы сыйлықтарға ие болады. Сондай-ақ «Біле жүріңіз!» айдарында такси жолаушыларына мемлекеттік рәміздердің мағынасы, тәуелсіз ел болып қалыптасуымызға үлес қосқан ұлы тұлғалардың азаматтық еңбектері мен қызмет жолы туралы мағұламаттар айтылады.
– Жоба өкілдері қоғам, БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар және жобаны қолдаушылармен бірлесе қызмет атқаруды көздейді. Игі бастамаға әлеуметтік желі қолданушылары да қолдау көрсете алады, – дейді осы бастаманы ұйымдастырушылардың бірі режиссер Әлия Исаева.
Сонымен қатар Рәміздер күні Ақтау қаласының көшелерінде мемлекеттік стандандартқа сәйкес 60 мемлекеттік ту орналастырылып, мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған 2 қоғамдық автобус брендтелді. Осы айшықты күннің мәртебесін көтеруге арналған 1 500 адамның қатысуымен ашық аспан астындағы қоғамдық-тарихи іс-шара ұйымдастырылды.
Маңғыстау облысы