Фото: polisia.kz
Текелі тұрғыны алдап соққан 13 зардап шегуші анықталды.
«Әйел өзін банк қызметкері ретінде таныстырып жүрген. Азаматтардың сеніміне кіріп, ол ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарыз бен өтеусіз мемлекеттік субсидия алуға көмек ұсынған. Оның тұрғындарға келтірген залалы 11 миллион теңгеден асты. Іс материалдары сотқа жіберілді. Күдікті қамауға алынды», деді Текелі қаласы ПБ бастығының орынбасары Ернар Таңатаров.