Облыс орталығындағы қазақ тілінде білім беретін «Жас дарын» аталатын мектеп оқу-білімге талпынысы ерекше оқушылар үшін 1999 жылы ашылды. Бұл күндері мектепте 340 оқушы білім алуда. Ал мектеп қаладағы бұрынғыдан келе жатқан тарихи ғимараттардың бірінде орналасқан. Мектепте 14 оқу кабинеті бар. Химия, физика, биология кабинеттері қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Жалпы, оқыту үдерісі жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытта жүргізіледі. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда ағылшын тілі мен қазақ тілі тереңдетіліп оқытылады. Көптілділікті дамыту бағыты 5-сыныптан басталады. Елжандылық, отаншылдық, елді сүю, патриоттық тәрбие сабақтары жүргізіледі. Елбасы Жолдауында білім беру сапасын арттыруды дүниежүзілік стандарт деңгейіне жеткізу басты мақсат екені айтылды. Қазір біздің еліміздегі көптеген мектептерге халықаралық байқауларға қатыса аламыз. Осы арқылы оқушылардың жетістіктері мен білімдері көрінетіні сөзсіз. Мектептің білім беру, тәрбиелік кеңістігін ғылыми жобалар, сайыстар, интеллектуалдық марафон, көркем шығармашылық бағытындағы жобалар құрайды. Үздік оқушылары халықаралық, республикалық байқауларға қатысуда. Ғылыми жобалар жазып, мектеп қабырғасында жүріп, ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс жасайды. Мохамед Әл Әмір, Еркегүл Асайын, Тұрсын Махмұд, Даниял Хабиболла, Аружан Тұрғанова, Дария Шеген, Күләш Қоңырова, Әлия Ақбаева және басқа ұл-қыздарымыз мектептің мақтаныштары. Білімді, көп тіл білетін болашақтың мамандары ержетіп келеді деген сөз.
– 2009 жылы мектеп ғимаратынан бөлек спорт зал салынды. Оқушылар денешынықтыру сабағына бару үшін екі арада жүрді. Содан бері облыс әкімдігіне оқу ғимараты мен спорт залдың арасын қосатын өтпелі аралық галереяның салынуын сұрап бірнеше рет өтініш жаздық, – дейді мектеп директоры Сәуле Хасанова.
Сөйтіп, арада 6 жыл өткенде ұстаздар, ата-аналар, оқушылар өтініші орындалды. Облыс әкімдігімен ERG S.a.r.l. өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумының арқасында биыл «Жас дарын» мектебінің аралық галереясын салу үшін демеушілік жасалып, қаржы бөлінді.
– Біз демеушілерге, облыс әкімдігіне алғыс білдіреміз. Мектеп пен спорт залдың арасын қосатын аралық галереямыздан оқушыларымыздың көңілді дауыстарын есту біздер үшін де, ата-аналар үшін де қуаныш, – дейді «Жас дарын» мектебінің ұстаздары.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.

Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04