Фото: gov.kz
Облыстық ТЖД-нің хабарлауынша, Қостанай облысының Меңдіқара ауданында қатты желдің салдарынан колледж ғимаратының 132 шаршы метр аумақта шатыры жұлынып кеткен. Сондай-ақ 50 шаршы метр аумақты алып жатқан жатақхананың шатыры да жартылай жұлынған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жасап, дауыл соғатынын жариялаған еді. Кейін Меңдіқара ауданы Боровское ауылының тұрғындары ауылда бұршақ жауғанын хабарлады.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті