18 Маусым, 2010

ҚОРЫҚҚАН АДАМ БАС ЖҮЛДЕДЕН ҚҰР ҚАЛАР

553 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
“UMEF” ЖШС қарағандылық кәсіпорынның директоры Надежда Штеркельдің ойынша, сенімді әрі уақыт сынынан өткен серіктестерің болған жағдайда ғана әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан сүрінбей өтуге болады. Компанияға қолдау көрсеткен Қазкоммерцбанк сондай серіктес бола алды. Банк “Даму” қорының ШОБ-ты қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаның 4-ші траншы шеңберінде компанияға кредит берді. – Надежда Александровна, бизнесіңізді қалай бастаға­ны­ңызды айтып беріңізші? – Біздің компания өз өні­мімен нарыққа 2002 жылы шық­ты. Біз жаңа құрал-жаб­дық­тар­ды, есепте­гіш құралдарды, сөре, пошта жә­шіктерін, зертханалық жиһаздарды шығарумен айна­лысамыз. Бір сөз­бен айтқанда, біздің жұмысымыз – металдан шығарылатын өнімдер. Бізде бі­лікті мамандар жұмыс іс­тей­ді, со­ндықтан тапсырыс беру жа­ғынан қиыншылықтар жоқ. Не­гізінен біз ЖК (жеке кәсіпкер) жә­не мемлекеттік кәсіпорын­дар­мен жұ­мыс істейміз. Біздің негізгі кли­енттеріміздің қата­рында қараған­ды­лық ҰҚК, қа­­лалық әділет орган­да­ры, сон­дай-ақ “Қарағанды Жарық” ЖШС болды. – “Қазкоммерцбанкпен” ынты­мақ­­тас­тық қалай басталды? Осыған дейін басқа банктермен жұмыс істеп көрдіңіз бе? – Әрине, біз басқа банктермен де жұмыс істеп көрдік. Алайда олардың ұсынған шарттары бізді әрдайым қанағаттандыра бермей­тін. Ал 2006 жылы біз ҚАЗКОМ-мен жұмыс істеу тиімді деп шештік. Басында дербес шот аштық. Кейін, бізбен жасалатын мәмілелер саны көбейген соң, айналымдағы қара­жатымызды көбей­ту қажет болды. Біздің ЖШС 4 600 000 теңге сома­сына несие алып, кейін барып кә­сіп­орынға несиелік желі ашылды. “Қазкоммерцбанк” менеджерлері кре­дитті өте жылдам рәсімдеп бер­ді: шамамен үш апта кеткен шығар. “Арзан әрі ұзақ мер­зімді” ақшаны қажет ететін бизнес­мендер үшін уақыттың рөлі ерекше. Бі­рінші кезекте, бұл банктің өз кли­ентте­рі­нің жағдайына түсі­ну­ші­лікпен қарайтынын білдіреді. – Шынымен де, ешбір қиындық болмады ма? – Жоқ, бар болғаны бір кедергі туралы айтуға болар. Осыдан екі жыл бұрын біз несиемізді өтеу мер­зімін өткізіп алдық, Алайда банк қарызды қайта құрылымдап, проб­лема өз-өзінен шешілді. Содан кей­ін барып “Қазкоммерцбанк” “Да­му” қорының ШОБ-қа қолдау көрсету бағдарламасы бойынша біздің несиемізді қайта қаржы­ландырды. Біз жаңа өтініш жіберіп, кредитімізді қайта қаржыландыр­дық. Енді пайыздық мөлшерле­меміз 23% емес, келесі жылдың сәуір айына дейін 8% құрайтыны бізді қатты қуантады. – Әлемдік қаржы дағдарысы сіздің бизнесіңізге қалай әсер етті? – Әсерін едәуір қатты сезіндік. Менің ойымша, дағдарыс қарапай­ым халықтан гөрі, шағын және орта бизнестегі кәсіпорындарға қат­ты әсер еткен сияқты. Кейде жағ­дайымыз өте қиын болатын. Алайда біз дағдарыспен күресіп, қазір де бой бермей келеміз. Көп жағдайда “Қазкоммерцбанктің” қол­дауының арқасында деп айтар едім. Өйткені Банк менеджерлері жыл­дам әрі нақты жұмыс істейді. Сондықтан ШОБ кәсіпорындарына қолдау көрсету бойынша банк жұмысына рахмет айтамын. – Қарызды қайтара алмай­мыз деп қорқып, бүгінгі таңда несие алуға қорқатын әріптес­теріңізге қандай кеңес берер едіңіз? – Бірінші кезекте, дұрыс таңдау жасасын деп кеңес берер едім. Өйткені кәсіпкерлер банкке бостан босқа бармайды, өз бизнесін дамытуға қаражат жетпегенде барады. Бұл жағ­дайда тұрмыста қолданылатын дана сөздер есіңе оралады: “Жат адамның ақшасын алып, өз ақшаңды қайтарасың” деген. Өкінішті, бірақ ең басты капи­тал – адам екенін екінің бірі түсіне бермейді. Егер бизнесмен өзіне, қасындағы адамдарына, қызметкерлеріне сенсе, бұл табыстың жартысына қол жет­кіздім деп түсінсін. Өйткені бү­гін­гі таңда қасында сенімді адам­дарыңның болғаны өте маңызды. Сондықтан мен өз әріптестеріме қиыншылықтан қорықпасын деп кеңес берер едім. Қорыққан адам бас жүлдеден құр қалар. Сондай-ақ банк бірінші кезекте өз клиенттері үшін жұмыс істейтінін ұмытпаған жөн. Банк бизнесменнің табыс алғанына мүдделі, сондықтан оның жағдайын түсінуге тырысады. Мә­селен, біздің кәсіпорынды алайық. “Қазкоммерцбанк” пен арамыздағы қатынасымыз әрдайым жақсы болды деп айтпас едім. Алайда пай­ыздық мөлшерлеме 23-тен 8%-ға дейін төмендетілгенде, мұны өмір­­­дің сыйы деп қабылдадық. Сон­дықтан біз келешекте де ынтымақ­тастығымызды жалғасты­ратыны­мызға сенімдімін. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Данияр ӨТЕБАЕВ.