Алматыда жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ежелгі дәуірлерден сыр шертетін үш жәдігер табылды. Қаланың Алатау ауданындағы «Көкқайнар» қорымынан кездескен бұл мұралар Алматы тарихы мұражайына қойылды.
Табылған заттардың бірі – ойнап жатқан соқырдың (мысық баласы) бейнесі сомдалған алтын мүсін. Мамандар оны ежелгі бас киімнің магиялық пішіміне ұқсайтынын айтады. Ал екіншісі – басын солға бұрып тұрған қыран құстың кескіні зерленген алтын пластинка. Мамандар бұл жәдігерлерді біздің жыл санауымызға дейінгі IV ғасырға теліп отыр.
Бұған қоса, қорымнан қорғасыннан құйылған сабы бар айна қазып алынған. Оның ернеуі 2 см. болатын қорғасын белдеумен қапталыпты. Зерттеушілер бұл жәдігердің қай дәуірге жататынын әлі нақтылай қойған жоқ.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».

Базардағы жаңа тәртіп: Баға айқындалып, бақылау тетіктері күшейеді
Сауда • Бүгін, 09:55
Елімізде табиғи газ тұтынушылар саны 13 миллионға жетті
Қоғам • Бүгін, 09:43
Руханият • Бүгін, 09:25
Қаржы • Бүгін, 09:22
Қоғам • Бүгін, 09:22
Әдебиет • Бүгін, 09:20
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:18
Шахмат • Бүгін, 09:15
Өнер • Бүгін, 09:12
Ертіс бойына сумен бірге ырыздық келеді
Аймақтар • Бүгін, 09:08
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:05
Жетіқараны неге «Жітіқара» деп жүрміз?
Аймақтар • Бүгін, 09:03
Жәдігер • Бүгін, 09:00
Тарихи ескерткіштер қорғауға зәру
Мәселе • Бүгін, 08:58
Әдебиет • Бүгін, 08:55